2010 жылғы ақпанда экономиканың жекелеген сегменттерiндегі бағалар өзгерді

АСТАНА. Наурыздың 10-ы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - 2010 жылғы ақпанда экономиканың жекелеген сегменттерiндегі бағалар өзгердi,

2010 жылғы ақпанда экономиканың жекелеген сегменттерiндегі бағалар өзгерді

деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Статистика агенттігіне сілтеме жасап.

Агенттіктің мәліметінше, ағымдағы жылғы ақпанда өткен аймен салыстырғанда тұтыну тауарларына және қызмет көрсетулерге бағалар 0,9 пайызға өсті. Өндіруші-кәсіпорындардың өнеркәсіптік өнімі 1,4 пайызға, ауыл шаруашылығы және құрылыста 0,3 пайыздан қымбаттады. Заңды тұлғаларға көрсетілген пошталық қызметтер 6,6 пайызға қымбаттады, ал электр байланысы қызметтері 0,6 пайызға арзандады.