2010 жылғы қаңтар айында экономиканың жеке сегменттерiндегі бағалар бiршама өзгердi

АСТАНА. Ақпанның 10-ы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - 2010 жылғы қаңтар айында экономиканың жеке сегменттерiндегі бағалар бiршама өзгердi,

2010 жылғы қаңтар айында экономиканың жеке сегменттерiндегі бағалар бiршама өзгердi

деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Статистика агенттігіне сілтеме жасап.

«Ағымдағы жылғы қаңтарда 2009 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда тұтыну тауарларына және қызмет көрсетулерге бағалар 1,4 пайызға өсті. Өндіруші кәсіпорындардың өнеркәсіп өнімі 1,3 пайызға, ауыл шаруашылығы өнімі - 1,2 пайызға арзандады», делінген Агенттіктің таратқан хабарламасында.

Агенттіктің мәліметінше, құрылыстағы бағалар бір айда 0,6 пайызға, жүк көлігі қызметтерінің тарифтері 11,7 пайызға артты. Заңды тұлғаларға көрсетілген пошталық және электр байланысы қызметтері 0,1 пайызға қымбаттады, курьерлік қызметтер - 0,4 пайызға арзандады.