2010 жылғы қаңтар-тамыз айларында әлем бойынша 52 журналист қаза тапқан

АСТАНА. Қыркүйектің 13-і. ҚазАқпарат - 2010 жылғы қаңтар-тамыз айларында әлем бойынша 52 журналист қаза тапқан, бұл 2009 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 4 адамға кем. Қаза тапқандардың саны бойынша Мексика алда келеді, қаңтар айының басынан бастап тамыз айының соңына дейін бұл елде 10 журналист көз жұмған. Одан кейінгі кезекте Гондурас (9 адам) пен Пәкістан (6 адам) елі тұр. Бұл туралы Халықаралық баспасөз институты жүргізген зерттеуге сүйене отырып, Associated Press агенттігі хабарлады.
None
None

Институт жасаған тізімге жұмыс барысында немесе жұмысына қатысты қастандықпен өлтірілген журналистер кіреді, деп хабарлайды РБК агенттігі.

2009 жылы өз мамандықтарының салдарынан 110 журналист қаза тапқан еді.

2010 жылы қаза тапқан журналистердің басым бөлігі Америкада кездескен, бұл елде 20 журналист қызмет барысында көз жұмған. Халықаралық баспасөз институты алғашқы қатарға Солтүстік, Оңтүстік және Орталық Американы да қосып отыр. Екінші орынға 18 қайғылы оқиға тіркелген Орталық Азия шыққан. Пәкістанда өлтірілген 6 адамнан басқа үш репортерді Филиппинада, екі журналисті Ауғанстанда өлтіріп кеткен. Қалған оқиғалар Тайланд, Индонезия, Жапония мен Үндістанда тіркелген.

2010 жылғы қаңтар-тамыз айларында Африкада 8 журналист опат болған.

Таяу Шығыста екі репортер, бірі Ливанда, бірі Йеменде қаза тапқан.

Еуропа бойынша осындай екі қылмыс тіркелген, адам қолынан көз жұмғандардың бірі радиостансының директоры болса, екіншісі телевизия стансысының басшысы болған.

Соңғы жаңалықтар