2010 жылғы қаңтар-желтоқсанда тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 139 мың 153-ті құрады - Статистика
АСТАНА. 13 қаңтар. ҚазАқпарат - 2010 жылғы қаңтар-желтоқсанда тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 139 мың 153-ті құрады,
деп хабарлады ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметінен.
«2010 жылғы желтоқсанда тұрғын үйді сатып алу-сатудың тіркелген мәмілелерінің саны 11 мың 768-ді құрады және өткен аймен салыстырғанда 10,5 пайызға кеміді. Өткен жылдың 12 айында тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 2009 жылғы қаңтар- желтоқсандағы кезеңмен салыстырғанда 17,1 пайызға өсті», делінген ведомство ақпаратында.