2010 жылғы қаңтарда Қазақстанда күнкөрістің ең төменгі деңгейі 12 141 теңгені құрады - Статистика

АСТАНА. Ақпанның 1-і. ҚазАқпарат - 2010 жылғы қаңтарда Қазақстанда күнкөрістің ең төменгі деңгейі 12 141 теңгені құрады,

2010 жылғы қаңтарда Қазақстанда күнкөрістің ең төменгі деңгейі 12 141 теңгені құрады - Статистика

деп хабарлады ҚР Статистика агенттігі.

Агенттіктің мәлім етуінше, , негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген, халықтың жан басына орта есеппен шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 2010 жылғы қаңтарда 2009 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 1,3 пайызға өскен.

Күнкөрістің ең төменгі деңгейінің құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі - 20,3 пайызды, сүт, май, тоң май өнімдері мен жұмыртқа - 17,1 пайызды, жемістер мен көкөністер - 10,1 пайызды, нан өнімдері - 9,6, қант, шай және дәмдеуіштер - 2,9 пайызды құрады.

12 141 теңге көлеміндегі күнкөрістің ең төменгі деңгейінің 7284 теңгесін - азық-түлік тауарлар, 4857 теңгесін - азық-түлік емес тауарлар мен ақылы қызметтер құрайды.