2010 жылғы қарашада экономиканың жекелеген сегменттерiндегі бағалар өзгердi
АСТАНА. 10 желтоқсан. ҚазАқпарат - 2010 жылғы қарашада экономиканың жекелеген сегменттерiндегі бағалар өзгердi.
Бұл ақпаратты ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметі таратып отыр.
«Ағымдағы жылғы қарашада өткен аймен салыстырғанда бағалар тұтыну тауарлары мен қызмет көрсетулерде - 0,8, өнеркәсіпте - 3,5, ауыл шаруашылығы өнімдерінде - 3,4, көтерме саудада 1,7 пайызға өсті», - делінген ведомство ақпаратында.
Ал жүк тасымалдау мен заңды тұлғалар үшін байланыс қызметтеріне тарифтер өзгеріссіз қалып отыр.