2010 жылғы қыркүйекте тұрғын үй нарығында бағаның өсуі байқалды
АСТАНА. Қазанның 8-і. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың қыркүйек айында тұрғын үй нарығында бағаның өсуі байқалды, деп хабарлады ҚР Статистика агенттігінен.
«2010 жылғы қыркүйекте өткен аймен салыстырғанда жаңа тұрғын үйді сату бағасы 0,1, жайлы тұрғын үйді жалға беру - 0,2, жайлы және жайландырылмаған тұрғын үйді алып-сату - 0,3 пайызға жоғарылады», делінген баспасөз ақпаратында.