2010 жылғы маусымда Қазақстан Республикасындағы инфляция деңгейі 0,2 пайызды құрады - Статистика

АСТАНА. Шілденің 1-і. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - - 2010 жылғы маусымда Қазақстан Республикасындағы инфляция деңгейі 0,2 пайызды құрады.
None
None

ҚР Статистика агенттігінен мәлім еткендей, өткен маусым айындаазық-түлік тауарлар мен ақылы қызметтердің бағасы - 0,1 пайызға, ал азық-түлік емес тауарлар - 0,5 пайызға өсті.

Өткен айда қанттың бағасы - 1,9 пайызға, нан және жарма өнімдеріне - 0,4-ке, күрішке - 1,2 және ұнға 2,2 пайызға арзандады. Баға деңгейі сондай-ақ, сүт өнімдеріне 0,9 пайызға, жаңа сауылған сүтке - 5,9 және жұмыртқаға 6,9 пайызға төмендеді. Жаңа жиналған көкөністер - 0,8, қызанақ - 10,2 және қияр 11,7 пайызға арзандады.

Бағалардың керісінше арта түсуі картопқа - 1,5, жемістерге - 1, мал майына - 0,9, ет және құс етіне - 0,8, алкогольсіз сусындарға 0,5 пайызға байқалды.

Маусым айында халыққа қызмет көрсететін кәсіпорындардың бағаларында да өзгерістер болды. Мәселен, мәдени орындардың қызметтері 0,5, денсаулық сақтау - 1, мейрамханалар мен қонақүйлер қызметтері - 1,2 пайызға қымбаттады. Ал теміржол жолаушылар көлігінде 1,8 пайызға арзандады.

Жылыту маусымының аяқталуына байланысты тұрғын үй коммуналдық қызметтердің тарифтері арзандады. Мысалға орталықтан жылыту - 0,6, ыстық су - 1,1 пайызға төмендесе, қоқыс шығару қызметтері керісінше - 1,5 және кәріз 0,4 пайызға қымбаттады.

Айта кетейік, инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағасының индексі (ТБИ) халықтың жеке тұтыну үшін сатып алатын тауарлары мен қызметтері бағасының өзгеруін көрсетеді. Тауарлар мен қызметтер жиынтығына 508 позиция кіреді. Бағаны тіркеу меншіктің түрлі нысандарындағы сауда және қызмет көрсету саласы кәсіпорындарының іріктеме жүйесі бойынша барлық облыс орталықтарында, Астана мен Алматы қалалары мен аудан орталықтарының белгіленген шеңбері бойынша жүргізіледі. Біріктіру үшін пайдаланылатын салмақ жүйесі олардың шығыстары бөлігінде өткен жылғы үй шаруашылықтарын зерттеу материалдары негізінде есептеледі.

2010 жылғы қаңтардан бастап ТБИ-ді есептегенде азық-түлік тауарларының үлесі - 39, азық-түлік емес тауарлар - 31,8 және ақылы қызметтер - 29,2 пайызды құрады.

Соңғы жаңалықтар