2010 жылғы наурызда сыртқы саудада өнімдерге бағаның жоғарылауы байқалды

АСТАНА. Мамырдың 12-сі. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Ағымдағы жылғы наурызбен өткен жылғы ақпан айын салыстырғанда еліміздегі экспортталатын және импортталатын тауарларға бағаның 2,4 пайызға жоғарылауы байқалды,

2010 жылғы наурызда сыртқы саудада өнімдерге бағаның жоғарылауы байқалды

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Статистика агенттігінің мәліметтеріне қарағанда, 1 айда экспорттық жеткізілімдерге бағаның өсуі табиғи газға - 10,7 пайыз, мұнай өнімдеріне - 4,6 пайыз, көмірге - 4,3 пайыз, қара металдарға - 2,5 пайыз, мұнайға - 2 пайыз деңгейінде байқалды. Ал бағаның төмендеуі мысқа - 2,3 пайызды, алюминийге - 1,2 пайыз, газ конденсатына - 0,7 пайыз шамасында белгіленген. Бұдан бөлек, жүн бағасы - 7,6 пайыз, мақта - 5,8 пайыз жоғарыласа, бидай бағасы - 2 пайызға төмендегені байқалды.

Импорттық түсімдер бойынша дәрі-дәрмектер - 8,4 пайызға, қант - 7,4 пайызға, маргарин - 6,5 пайызға, шиналар - 6,7 пайызға, сырлар мен бояулар - 5,9 пайызға, тоқыма бұйымдары - 3,6 пайызға қымбаттаған. Ал аяқкиім бағасы - 8,4 пайызға, кофе - 6 пайыз, темекі - 3,1 пайыз, шай - 1,1 пайызға арзандады.