2010 жылғы шілдеде республикада бір жұмыскердің орташа айлық номиналды жалақысы 81 266 теңгені құрады - ҚР Статистика агенттігі

АСТАНА. Тамыздың 11-і. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - 2010 жылғы шілде айында республикада бір жұмыскердің орташа айлық номиналды жалақысы 81 266 теңгені құрады.
None
None

Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 17,9 пайызға көп.

ҚР Статистика агенттігінің ұсынған мәліметтеріне сүйенсек, салалық құрылымдар бойынша ең жоғарғы жалақы қаржы және сақтандыру қызметтерінде сақталып отыр - 171 400 теңге (бұл орташа республикалық деңгейден 2,1 есеге көп), кәсіптік, ғылыми және техникалық қызметтерде - 141 400 теңге (1,7 есеге) және әртүрлі қызмет түрлерін көрсетуде - 124 700 теңге (1,5 есеге).

Ал ең төменгі еңбекақыны ауыл, орман және балық шаруашылықтары қызметкерлері алып отыр - 36 200 теңге. Бұл орташа республикалық деңгейден 55,4 пайызға төмен.

Өңірлер бойынша алғанда, ең жоғарғы жалақы Атырау облысында сақталып отыр - 145 400 теңге (орташа республикалық көрсеткіштен 1,8 есеге артық). Ал ең төменгі жалақы Жамбыл облысында - 55 600 теңге (орташа деңгейден 31,6 пайызға төмен).

Соңғы жаңалықтар