2010 жылғы желтоқсан айында азық-түлік тауарларының бағасы өсті - Статистика
АСТАНА. 5 қаңтар. ҚазАқпарат - 2010 жылғы желтоқсан айында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда азық-түлік бағасы біршама өсім көрсетті, деп хабарлады ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметінен.
«2010 жылғы желтоқсанда 2009 жылдың сәйкесінше айымен салыстырғанда азық-түлік тауарларының бағасы 10,1 пайызға өсті»,- деп нақтылай түскен ведомство.
Өткен жылдың желтоқсанында 2009 жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда жарма 35,9, жеміс-жидектер мен көкөністер - 19,1, сары май және тоң май - 18,8, қант -12,3, кофе, шай, какао - 11,7, сүт өнімдері - 8,7, кондитерлік өнімдер - 8,1, алкогольді сусындар - 4,4, нан 1,4 пайызға қымбаттаған. Ал ұн бағасы 0,6 пайызға төмендеген.
Аталған кезеңдегі ет және ет өнімдерінің баға өсімі 12,1 пайызды құрады. Қой еті 13,3, құс еті - 9,3, шұжық - 8,2, шошқа еті - 7, жылқы еті 6 пайызға өсім көрсетті.