2010 жылғы желтоқсанда халықтың орташа жан басына шаққандағы ақшалай табыстары 14,2 пайызға артты - Статистика агенттігі

АСТАНА. 14 ақпан. ҚазАқпарат - 2010 жылғы желтоқсанда халықтың орташа жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары алдын ала берілген деректер бойынша 44370 теңгені құрап, 2009 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 14,2%-ға артты, деп хабарлады ҚР Статистика агенттігі.
None
None

«Нақты ақшалай табыстары 6,0%-ға өсті. 2010 жылғы желтоқсанда орташа жан басына шаққандағы ақшалай табыстардың көлемі бойынша Маңғыстау, Атырау облыстары және Астана қаласы алдыңғы қатарға шықты, осы көрсеткіш орташа республикалық деңгейді 2,2-2,1 есеге арттырды», - делінген агенттік таратқан ақпаратта.

2010 жылғы желтоқсанда табыстары ең төмен өңірлер қатарында Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстары бар, осы өңірлерде халықтың табыс мөлшері республикалық деңгейден орташа алғанда 51,1% және 80,2% құрады. Сонымен бірге, халықтың нақты ақшалай табыстарының ең көп өсу қарқыны Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында байқалды.

Соңғы жаңалықтар