2010 жылғы желтоқсанда зерттелген өнеркәсіп кәсіпорындарының іскерлік белсенділігі өткен аймен салыстырғанда төмендеді - Статистика

АСТАНА. 12 қаңтар. ҚазАқпарат - 2010 жылғы желтоқсанда зерттелген өнеркәсіп кәсіпорындарының іскерлік белсенділігі өткен аймен салыстырғанда төмендеді. Кәсіпкерліктің сенімділік индексі 1 пайыздық тармаққа кеміді,

2010 жылғы желтоқсанда зерттелген өнеркәсіп кәсіпорындарының іскерлік белсенділігі өткен аймен  салыстырғанда төмендеді - Статистика

деп хабарлады ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметінен.

«Өнеркәсіп кәсіпорындарының басшылары дайын өнiмге сұраныстың азаюын атап өттi, бұл олардың іскерлік белсенділігінің кемуін айғақтайды. 2011 жылғы наурызға дейiн өнеркәсіп кәсіпорындары басшыларының бағалауы бойынша, iскерлiк белсендiлiкке байланысты елеулі өзгерістер күтілмейді», - делінген ведомство ақпаратында.

Сондай-ақ агенттіктің атап өтуінше, 2010 жылғы желтоқсанда өткен аймен салыстырғанда сауда кәсіпорындарының іскерлік белсенділігі де төмендеген. Болжамды бағалау бойынша 2011 жылғы наурызға дейiн іскерлік белсенділіктің төмендеуі күтіледі.