2010 жылы ақпараттық технология саласында 1800 құқық бұзушылық жасалды
АЛМАТЫ. 27 маусым. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Өткен жылы Қазақстанда ақпараттық технология саласында 1800 құқық бұзушылық жасалды. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен «Терроризм, нашақорлық, порнография, зорлық-зомбылықты насихаттайтын контент» тақырыбында өткен «дөңгелек үстел» барысында айтылды.
Бұл сала бойынша қылмыстардың басым бөлігі компьютер ұрлау. Өткен жылы компьютерге заңсыз қол жеткізу бойынша 200-ге тарта қылмыстық іс қозғалған. 15 оқиға анықталды. Контрафакті өнімдерін орналастырғаны және таратқаны үшін 81, арнайы құралдарды заңсыз қолданғаны туралы 6, интернетті басқа біреудің есебінен пайдаланғаны туралы 21 оқиға анықталған. Порнографияны таратумен күрес жедел шарасы барысында 61, зорлық-зомбылықты тарату бойынша 4 қылмыстық іс қозғалған.