2010 жылы ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер мен әкімдіктер зиянкестерге қарсы барлық тиісті шараларды алдын ала қолға алуы тиіс - С.Сүлейменов

АСТАНА. Тамыздың 26-сы. ҚазАқпарат /Құралай Орынбекқызы/ - Бүгін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінде өткен баспасөз мәслихатында Аграрлық-өнеркәсіптік кешенінің (АӨК) Мемлекеттік инспекциясы комитетінің төрағасы Серік Сүлейменов ағымдағы жылы шегіртке зиянкестерінің жаппай дамуы байқалғандығына тоқталып өтті,

2010 жылы ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер мен әкімдіктер зиянкестерге қарсы барлық тиісті шараларды алдын ала қолға алуы тиіс - С.Сүлейменов

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Шегірткелердің дернәсілдеріне қарсы мониторингтік шаралар 2 772,2 мың гектар алаңда жүргізілді. Осы орайда, 2010 жылы ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер мен әкімдіктер өз тарапынан оларға қарсы алдын ала барлық тиісті шараларды қабылдап, дер кезінде химиялық өңдеу жұмыстарының жүргізілуін қамтамасыз етуі қажеттігін атап өткен жөн», - деді С.Сүлейменов.