2010 жылы Азияның экономикалық өсімі әлемде көш бастайды - БҰҰ-ның экономист сарапшылары

АСТАНА. Ақпанның 11-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - 2010 жылы Азияның экономикалық өсімі әлемде көш бастайды.

2010 жылы Азияның экономикалық өсімі әлемде көш бастайды - БҰҰ-ның экономист сарапшылары

БҰҰ-ның әлемдік экономика және 2010 жылдың перспективалары атты баяндамасында Ұйымның экономист сарапшылары осылай атап көрсетіп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

БҰҰ баяндамасына қарағанда, 2010 жылы әлемдік экономика 2,4 пайызға өсе бастайды. Бұл ретте ағымдағы жылы әлемдік экономикалық өсімнің лидерлері Азиялық экономикаға тиесілі болатыны болжанады. БҰҰ сараптамаларына сүйенсек, Қытай экономикасы 2010 жылы 8,8 пайызға, Үнді елінің жалпы ішкі өнімі 6,5 пайызға артатыны күтіледі. Ал дамыған елдердің экономикасының қалпына келуі баяу жүреді. БҰҰ экономистерінің бағалауы бойынша АҚШ экономикасы 2010 жылы 2,1 пайызға, ал Жапония елінің жалпы ішкі өнімі 1 пайызға өседі деп болжанып отыр.