2010 жылы елімізде 2133 кәсіпорын банкрот деп танылды

АЛМАТЫ. 28 қыркүйек. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/- 2010 жылы елімізде 2133 кәсіпорын банкрот деп танылған. Бұл туралы ҚазАқпаратқа «Қазбанкрот» компаниясынан хабарлады.
None
None

Қазбанкроттың мәліметінше, кәсіпорындардың 90 пайызы Салық комитетінің ұсынысымен банкрот деп танылған. Өткен жылы банкрот болған кәсіпорындардың басым бөлігі - астаналық. Бұнда 215, екінші орындағы Алматыда 126, Атырау мен Маңғыстау облыстарында 50-55 кәсіпорын банкрот болған. Бұл кәсіпорындардың басым бөлігі (жалпы банкрот болғандардың 33 пайызы) халық тұтынатын тауарларды сату мен құрылыс саласында қызмет көрсетеді. Екінші орында тұрмыстық техникалар мен жеке тұтыну тауарларын жөндеу саласындағы компаниялар (20 пайызы). Үшінші орында консалтингтік қызмет көрсетуші компаниялар (19 пайыз).

Соңғы жаңалықтар