2010 жылы еліміздің шағын мұнай өңдеу зауыттарында өңдеу көлемі 10 есеге төмендеді
АСТАНА. Шілденің 16-сы. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Өткен жылмен салыстырғанда, 2010 жылы еліміздің шағын мұнай өңдеу зауыттарында өңдеу көлемі 10 есеге төмендеді. Бұл туралы бүгін Астанада Мұнай және газ вице-министрі Әсет Мағауов мәлім етті.
«Біздің нарықта шағын мұнай өңдеу зауыттарының өнімі айтарлықтай жоғары емес. Өткен жылмен салыстырғанда, шағын мұнай өңдеу зауыттарында өңдеу көлемі елеулі көлемде төмендеді. Егер былтырғы жылы 500 мың тоннаға жуық мәлімделсе, ал биылғы бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша аталған зауыттарында өңдеу көлемі 10 есе төмендеді», - деді вице-министр.
Ә. Мағауовтың сөзіне қарағанда, шағын мұнай өңдеу зауыттарының өнімі еліміз нарығында таралмайды. Олардың негізгі бизнесі импорттық мұнайды қайта өңдеп, бірінші деңгейлі өңделген өнімді экспортқа шығару. Сондықтан олардың өнімі еліміз нарығына шығарылмай отыр. Вице-министр бүгінде Қазақстанда 27 шағын мұнай өңдеу зауыттары жұмыс істеп жатқандығын жеткізді.