2010 жылы Еуроодақ Палестина Автономиясының мемлекеттік құрылысы үшін 71 млн. еуро бөлетін болады

БРЮССЕЛЬ. Шілденің 14-і. ҚазАқпарат /Димаш Сыздықов/ -2010 жылы Еуроодақ Палестина Автономиясының мемлекеттік құрылысы үшін 71 млн. еуро бөлетін болады. Бұл туралы сейсенбі, шілденің 13-і күні журналистер үшін Палестинаның премьер-министрі Салам Файядидің қатысуымен өткен брифингіде Еурокомиссияның төрағасы Жозе Мануэль Баррозу мәлім етті.
None
None

Оның айтуынша, Еуроодақ палестиналық билікке әлеуметтік төлемдер үшін 158,5 млн. еуро ақша бөлген. «Осыған қосымша ретінде мемлекеттік құрылыстың даму жобасына арналған 71 млн. еуро көлеміндегі тікелей көмек бөлеміз», - деді Ж.М.Баррозу.

Сонымен қатар, Еуропалық Комиссияның төрағасы Палестина Автономиясының нақты қажет ететін шығындарын жабу үшін қосымша 20 млн. еуро бөлу мүмкіндігін нақтылады.

Оның пікірінше, палестиналық экономиканың жандану мәселесінде шекара қиылысындағы пункттерді ашу, сондай-ақ Израиль бұзған инфрақұрылымды, мектептер мен ауруханаларды қалпына келтіруге болатын қосымша пункттерді ұйымдастыру үлкен рөль атқарады.

Өз кезегінде С.Файяд Еуроодаққа көрсеткен көмегі үшін алғысын білдіріп, Израиль Палестина аумағын басып алуын тоқтатқан жағдайда Палестина мемлекетін екі жылдың ішінде құру мүмкіндігін атап өтті. «Былтырғы жылдың тамызында біз қалпына келтірудің уақытша аясын екі жыл деп бекіткеміз. Бұл уақыт дәрежені алу мүмкіндігін уақытша қамтамасыз етіп, сондай-ақ Палестина мемлекеті үшін дәл инфрақұрылым мен тиісті жағдайды құруға мүмкіндік береді», - деді палестиналық министрлер кабинетінің басшысы.

Соңғы жаңалықтар