2010 жылы «ҚазАгро» холдингі қаржыландыратын 27 ірі жоба іске қосылады - А. Мамытбеков

рат /Ернұр Ақанбай/ - 2010 жылы «ҚазАгро» холдингі қаржыландыратын жалпы сомасы 40 млрд. теңгені құрайтын 27 ірі жобалар іске қосылатын болады.

2010 жылы «ҚазАгро» холдингі қаржыландыратын 27 ірі жоба іске қосылады - А. Мамытбеков

Бұл туралы бүгін Ауылшаруашылығы министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде аталмыш холдингтің басшысы Асылжан Мамытбеков айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, бұл ретте ағымдағы жылы ірі инвестициялық жобаларды сұрыптау және қаржыландыру жалғасатын болады. Жобалардың барлығы нисиелеу және лизинг механизмдерін қолдана отырып жүзеге асырылуда. «Несеилеу шарттары айтарлықтай қол жетімді. Несие мен лизинг 14 жылға дейінгі мерзімге беріледі», деді ол.