2010 жылы Қазақстанда Еуропа жылын атап өту мүмкін бе? - Президентке жолданған сауал

АНА. Қарашаның 4-і. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ -  2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету кезінде Қазақстанда Еуропа жылын атап өту мүмкін бе?
None
None

Бұл сауалды Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей желі арқылы халықпен тілдесуіне орай жұмыс істеп жатқан Байланыс орталығына Орал қаласының тұрғыны Зейін Айдынов жолдап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Құрметті, Президент! Біз Еуразиялық елміз. Еліміздің 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуінің маңызы зор, мүмкін біз оны әлі толықтай сезіне алмай жатқан шығармыз. Осы жылдан кейін біз Еуропаны барынша біліп, ал Еуропаға біздің елдің ерекшелігін мейлінше түсінуге мүмкіндік туатын шығар. Осы орайда Еуропамен экономикалық, мәдени және гуманитарлық қатынастардың жандануына мұрындық болу үшін, келесі жылы Қазақстанда Еуропа жылын атап өтудің мүмкіндігі қандай?»,  делінген аталмыш хатта.

Соңғы жаңалықтар