13:56, 11 Ақпан 2009 | GMT +5
2010 жылы Қазақстанда ілеспе газды жағу тоқтатылмақ- Экологиялық реттеу және бақылау комитеті
АСТАНА. Ақпанның 11-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Қазақстан бүгінде ілеспе газды жағу мәселесі бойынша он елдің құрамына кіріп отыр.

Бұл туралы бүгін өткен брифингте Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Мұрат Рақымбергенов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Алауда ілеспе газды жағу экологияға үлкен зиян келтіреді. Біздің басты мақсатымыз ілеспе газды жағуға мүлдем тыйым салуға бағытталып отыр. Осыған орай тиісті меморандумдарға қол қойып, 2010 жылы Қазақстанда ілеспе газды жағуды тоқтату туралы ірі компаниялармен келістік», - деді комитет төрағасы.