2010 жылы Көліктегі Орталық Ішкі істер департаменті есірткі заттарының заңсыз айналымына қатысты 249 фактіні анықтады

АСТАНА. Тамыздың 3-і. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - 2010 жылы Көліктегі Орталық Ішкі істер департаменті есірткі заттарының заңсыз айналымына қатысты 249 фактіні анықтады.

2010 жылы Көліктегі Орталық Ішкі істер департаменті есірткі заттарының заңсыз айналымына қатысты 249 фактіні анықтады

КОІІД-нің Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының бастығы Нариман Абылқасеновтың бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім еткеніндей, жедел-іздестіру іс-шараларының барысында тіркелген 249 фактінің 33-і - есірткіні өткізу, 6-уы - есірткі контрабандасына қатысты болды.

Заңсыз айналымнан есірткінің барлық түрлерінің 126 келіден астамы алынды. Оның ішінде 758 грамнан астамы - ауыр героин.