2010 жылы қылмыстық ортаның 41 «беделдісі» ұсталды - ІІМ
Бүгін Астанада ІІМ-де өткен брифинг барысында Криминалдық полиция комитеті төрағасының орынбасары Берік Біләлов осылай мәлім етті.
Оның айтуынша, ағымдағы жылы қылмыстық топтың 37 жетекшісі мен 204 қатысушысы, қылмыстық ортаның 41 «беделдісі» ұсталды. Оларға қатысты 664 қылмыстық іс қозғалды. Оның ішінде 30 іс ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, басшылық еткені және қарақшылығы үшін қозғалған.
«Қазіргі уақытта елде қылмыстық жағдайға ықпал ете алатын төрт «заңдастырылған ұры» бар. Оның 3-уі түрмеде, өздерінің жасаған қылмыстары үшін жазаларын өтеуде», деді Б. Біләлов.
ІІМ ұйымдасқан қылмыстық топтардың қызметін тыю бағытында қатаң шаралар қолға алып отырғандығын тілге тиек еткен Криминалдық полиция комитеті төрағасының орынбасары, «Криминалдық полиция жасақтары Қазақстанда «ұрылар дәстүрлерінің» таралуына жол бермейді», деді.