2010 жылы отандық кино көрермендерінің саны 1 миллион адамға жетеді - Е.Аманшаев

sp;АЛМАТЫ. Қарашаның 23-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қазақстан кинопрокаты нарығындағы  отандық фильмдердің үлесі 3 пайызды құрайды. Бұл бүгін Елбасының  Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясының жұмысымен танысуы кезінде айтылды,

2010 жылы отандық кино көрермендерінің саны 1 миллион адамға жетеді -  Е.Аманшаев

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Қазақ киносының өз тарихы бар. Оның өркендеу, құлдырау кезеңі болды. Қазір біз сіздің жан-жақты қолдауыңыздың арқасында тың бастамалар алдында тұрмыз.    Қазақстан кинопрокатының 25 пайызы ресейлік, 2 пайызын американдық кино,  3 пайызын отандық өнімдер құрайды. Былтыр кинопрокатқа Қазақстан бойынша 254 кино шыққан болатын. Оның 8-і  ғана қазақстандық фильмдер (бесеуі "Қазақфильмнен").  Сондықтан қазақ киносының сапасы туралы айтуға әлі ертерек. Бұл ауқымды өзгеріс жасауға  қиындық келтіруде", дейді Шәкен Айманов  атындағы "Қазақфильм"киностудиясының директоры Ермек Аманшаев. Оның  айтуынша,   отандық кино көрермендерінің тең жартысы коммерциялық емес көрсетілімге келгендер. Жалпы кинотеатрға  2002 жылы - 2,8 миллион адам келсе, оның саны жыл сайын өсіп 2008 жылы - 7 миллион адамға жетті.  Ермек Аманшаевтың сөзіне қарағанда, өткен жылға дейін отандық  кинопрокатпен бірде-бір құрылым айналыспаған. Сондықтан отандық киноның көрерменін ұлғайту үшін "Қазақфильмде"  продюсерлік орталық пен  арнайы дирекция ашылды. Енді  2010 жылы олар  отандық кино көрермендерінің санын 1 миллион адамға дейін жеткізуді жоспарлап отыр.