2010 жылы сотталғандардың 8 қашу фактісіне тосқауыл қойылды, 18-інің болуына жол берілмеді - ҚР ІІМ

АСТАНА. 10 қаңтар. ҚазАқпарат /Жанна Қорқытова/ - 2010 жылы сотталғандардың 8 қашу фактісіне тосқауыл қойылды, 18-інің болуына жол берілмеді, деп хабарлайды ҚР ІІМ баспасөз қызметі Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлердің құрылғанына 19 жыл толуына орай өз қызметтеріне қорытынды шығару кезінде.

2010 жылы сотталғандардың 8 қашу фактісіне тосқауыл қойылды, 18-інің болуына жол берілмеді - ҚР ІІМ

«Түзеу мекемелеріндегі жағдайға үнемі жіті қадағалау керектігі басты назарда. Сондықтан ішкі әскерлер айдауыл бөлімдерінің басты міндеттері күнделікті қызметтерін қырағы атқару. Өткен жылдың ішінде сотталғандардың 8 қашу фактісіне тосқауыл қойылды, 18-інің болуына жол берілмеді, оның ішінде біреуі топтасып қашу болса, екеуі қашуға жасалған әрекет еді. Бұдан басқа тыйым салынған ішкі аумаққа енбекші болған 9 фактіге, ескерту оқ ату арқылы тосқауыл қойылды», - делінген Ішкі әскерлер комитеті таратқан ақпаратта.

Қарауылдар мыңнан астам тыйым салынған заттарды лақтырудың фактісіне тосқауыл қойды: нәтижесінде 4439 метр спиртті ішімдік, 19 килограмнан астам есірткілік зат және басқа да тыйым салынған заттар тәркіленді.

«Бақылау-өткізу пункттерінен көлікпен өту кезінде тыйым салынған заттардың 38 фактісі анықталды, оның 100 литрден астамы спирт ішімдігі, үш килограмнан астамы есірткілік заттар, 281 мың теңге ақша, 6 суық қару, 36 оқ дәрі, 23 ұялы телефон. Сонымен бірге жалған құжатпен күзетілетін нысандарға кірмекші болғандардың 25 фактісі тіркелді.

Айдауылдау жөніндегі қарауылдар жеке құрамы айдауылдау кезінде тыйым салынған 287 литр спирт ішімдігін, жарты килограмнан астам есірткі затын, 735 пышақ пен пышақ істеуге дайындалған темір, 52 ұялы телефон мен 253 сим-карт, жалпы сомасы 90 мың теңге болатын ақшаны тәркіледі», - деп хабарлайды баспасөз қызметі.