2010 жылы ТМД елдерінің жалпы ішкі өнімі 1,7 пайызға өседі - БҰҰ сарапшылары

АСТАНА. Ақпанның 11-і. ҚазАқпарат /Мұратбек Мақұлбеков/ - 2010 жылы ТМД елдерінің жалпы ішкі өнімі 1,7 пайызға өседі.

2010   жылы ТМД елдерінің    жалпы ішкі өнімі   1,7 пайызға   өседі  -  БҰҰ  сарапшылары

Біріккен Ұлттар Ұйымының «Әлемдік экономикалық жағдай және 2010 жылғы перспективалар» баяндамасында осындай болжам жасалып отыр.

«2009 жылы экономикасы 6,7 пайызға күрт құлдыраған ТМД елдерінде 2010 жылы жалпы экономикалық көрсеткіш шамамен 1,7 пайызға өседі деп күтілуде», деп атап көрсетіледі баяндамада.

БҰҰ сарапшыларының пікірінше, 2010 жылы ТМД экономикасы әлемдік сұраныстың өсуі мен қаржылық жағдайлардың жақсаруының арқасында өседі. «Дегенмен, банк саласында жалғасып отырған әлсіздіктің, сондай-ақ жоспарланған қаржылық консолидацияның кейбір элементтерінің салдарынан экономиканың жандану үрдісі бәсең жүретін болады», - деп санайды сарапшылар.

Алдын-ала бағалаулар бойынша, өткен жылы Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 1,1 пайызға артқан.