2010 жылы ҮИИД МБ ауқымында іске қосылған жеті жоба тоқтап тұр - ҚР Үкіметіндегі селекторлық кеңес
АСТАНА. 10 қаңтар. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов Мемлекет басшысының үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын жандандыру жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру ауқымында селекторлық кеңес өткізді.
Кеңеске орталық және жергілікті атқару органдарының, ұлттық компаниялардың басшылары қатысты, деп хабарлады ҚР Премьерінің баспасөз қызметі.
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев есепті баяндама жасады.
«Индустрияландыру картасы ауқымында үш жылда 537 жоба іске қосылды. 1,4 трлн. теңгенің өнімдері шығарылды. 2010 жылдан бастап өңдеу өнеркәсібінің орнықты өсімі байқалды. Өнеркәсіп өндірісіндегі физикалық көлем индексі 2012 жылдың 11 айында 2011 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда елдің 12 аймағында өсті. Индустрияландыру картасы жобаларының экономикаға берген тиімділігі елеулі», - деп түйіндеді вице-министр.
Сонымен қатар Ә.Исекешев ҮИИД МБ жүзеге асыруда «проблемалар бар және назар аударуды қажет етеді» деп атап өтті. «2012 жылы іске қосылған жобалардың ішінде жетеуі тоқтап тұр. Бұдан басқа екінші жартыжылдықта таныстырылған жобалардың 18-і бойынша іске қосу актілері әлі ұсынылған жоқ», - деп хабарлады Ә.Исекешев. Вице-министр, оның пікірінше, ҮИИД МБ жүзеге асыру қарқынын төмендетіп отырған бірқатар себептерді атады.
Кеңес барысында орталық және жергілікті атқарушы органдардың басшылары баяндама жасады.
Кеңесті қортындылай келіп, Премьер-Министр ҮИИД МБ мен Индустрияландыру картасы жобаларын жүзеге асыру мәселелеріне «тиісті назар аудармай және нашар үйлестіріп отырған» атқарушы органдарды сынға алды.
«Бүгінде Бағдарламаны жүзеге асыру орталықтан өңірлерге ауысуда. Көп жағдайдарда өңірлерде отандық, сондай-ақ шетелдік инвестициялар тарту жөнінде жұмыстар жүргізілмей отыр дерлік. Орта мерзімді перспективада жаңа технологиялар мен өндірістерге көшуді қамтамасыз ету, өңірлеріміздің экономикалық өсімдері резервтерін пайдалану жөніндегі жұмысты жандандыру қажет», - деп атап көрсетті С.Ахметов.
Кеңес қорытындысымен Үкімет басшысы өкілетті органдарға ҮИИД МБ жоспарланған мақсатты индикаторларының атқарылуына қатаң мониторингті қамтамасыз етуді, сондай-ақ 2013-2014 жылдарға арналған ҮИИИД МБ жүзеге асыру шпараларының егжей-тегжейлі жоспарын жасауды тапсырды.
«Әрбір проблемалық жоба бойынша жобаларды жоспарлы қуаттарына шығару шараларының жоспары бекітілді. Оның орындалуына қатаң бақылау орнату қажет. Бірыңғай экономикалық кеңістікке қатысу және еліміздің алдағы уақытта ДСҰ-ға кіруімен байланысты бүгінгі күннің талаптарын ескере отырып, жобаларды жүзеге асыруда тәуекелдерді барынша азайту үшін мәселеге прагматикалық тұрғыдан келу қажет. Президент алдағы екі жылда ҮИИД МБ алғашқы бесжылдығын ойдағыдай аяқтау міндетін қойды. Мемлекет басшысы алға қойған міндеттердің барлығын біз толық көлемінде орындайтын боламыз», - деп атап көрсетті С.Ахметов.