2010 жылы ұрланған Страдивари скрипкасы 2,3 млн долларға сатылды

АСТАНА. 19 желтоқсан. ҚазАқпарат - 2010 жылы күзде Лондон вокзалында ұрланған және Британ полициясы үш жылдан кейін Англиядан тауып алған Страдивари скрипкасы 18 желтоқсанда "Тэрисио" үйінің бәссаудасында 1,38 млн фунт стерлингке сатылып кетті (алымды қоса алғанда, 2,26 млн доллар).

2010 жылы ұрланған Страдивари скрипкасы 2,3 млн долларға сатылды

1696 жылы танымал Италия шебері жасап шығарған бірегей аспап Британ астанасында тұратын Корея Республикасының атақты скрипкашысы Мин Чин Кимдікі болған. Қазір БАҚ ақпараты бойынша оны Біріккен корольдіктің музыка фестивальдарының бірін ұйымдастырушылар сатып алған.

Енді міне, үш жылға жуық уақыт бойы полицияның тынбай іздеуінен кейін скрипка орталық Англиядағы үйлердің бірінен табылып, иесіне қайтарылды. Оның ешқандай жері бүлінбеген.