2010 жылы жалпы ішкі өнімнің нақты көлемі 7,3 пайызға өсті
АСТАНА. 30 шілде. ҚазАқпарат - 2010 жылы жалпы ішкі өнімнің нақты көлемі 7,3 пайызға өсті, деп хабарлады ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметінен.
2010 жылы жалпы ішкі өнімнің көлемі (есепті деректер бойынша) ағымдағы бағаларда 21 815 517,0 млн. теңгені құрап, 2009 жылмен салыстырмалы бағада 7,3 пайызға өсті. ЖІӨ құрылымында қызметтер өндірісі - 51,7, тауарлар - 45,1 пайызды құрайды.