2010 жылы жаңа акциздік маркаларды шығару жоспарланған - Салық комитеті

АСТАНА. Желтоқсанның 22-сі. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - 2010 жылдан бастап біз жаңа акциздік маркаларды шығаруды жоспарлап отырмыз. Бұл туралы Үкіметтің бүгінгі отырысында ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің төрағасы Дәулет Ерғожин мәлім етті, 
None
None

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның мәліметі бойынша, соңғы кездері құқық қорғау органдарымен бірлесіп жүргізілген тексерістердің нәтижесінде елімізде алкоголь өнімдерін заңсыз шығару оқиғаларының жиілеп кеткендегі анықталды. Мәселен, «Иново» ЖШС алкоголь тауарлары мен акциздік маркаларды заңсыз шығарғаны үшін айыпталып, 200 млн. теңге көлеміндегі айыппұлды төлеуге міндеттелді. Ал «БМ» ЖШС-інде этил спиртін заңсыз өндіру цехы анықталды. Мемлекетке келген шығын 23 млрд. теңгеге бағаланып отыр. «Осы және басқа да заң бұзу фактілерін ескере отырып, 2010 жылда ішімдік өнімдерінің жаңа қорғаныс белгілері бар акциздік маркалар шығару жоспарланған», - дейді Д.Ерғожин.

Жалпы, республика бойынша салық саласында 119 700 тексеріс жүргізілді. Осының нәтижесніде 389 млрд. теңге көлеміндегі айыппұлдар өндірілді.    

Соңғы жаңалықтар