2010 жылы Жол картасы ауқымында 3 мың инвестициялық жоба жүзеге асырылады

АСТАНА. Қаңтардың 2-сі. ҚазАқпарат /Мұратбек Мақұлбеков/ - Үкімет 2010 жылы Жол картасы ауқымында атқарылатын инвестициялық жобалардың тізімін белгіледі. Инвестициялық жобалардың жалпы саны 3 мыңға жуықтайды, оған республикалық бюджеттен 82 миллиард теңге бөлінеді және жергілікті бюджеттен 43,2 миллиард теңге көлемінде қосымша қаржыландыру көзделіп отыр.
None
None

Азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын құру және осыған баланысты қаражат шығындары бойынша тапсырмалар белгіленді.

Жөндеу жұмыстарында 130 мың жұмыс орындарын ашу жоспарлануда.

Әлеуметтік жұмыс орындарын ашуға және жастар практикасын ұйымдастыруға 6,3 миллиард теңге бағытталатын болады, соның есебінен 52,7 мың уақытша жұмыс орындары құрылады.

Кадрларды қайта даярлауға 8 миллиард теңге жұмсалып, оған 67 мың адамды қамту жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар