2011-2012 оқу жылы ҚМЭБИ студенттерге қаржылық көмек көрсету үшін 4,5 миллион доллардан аса қаражат бөлді

АЛМАТЫ. 1 қыркүйек. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институты (ҚМЭБИ) студенттерге қаржылық көмек көрсету үшін өзінің жеке қорынан 662 миллион теңгеден аса (4,5 миллион АҚШ долллары) қаражат бөлді.

2011-2012 оқу жылы ҚМЭБИ студенттерге қаржылық көмек көрсету үшін 4,5 миллион доллардан аса қаражат бөлді

Сонымен қатар үстіміздегі жылы ҚМЭБИ-дің бакалавриат пен магистратура студенттеріне 491 грант бергенін хабарлайды.

Нұрсұлтан Назарбаев атындағы грантты алған студенттер ҚМЭБИ-де тегін оқиды, «Алтын белгi» иегерлері оқуға 50% жеңілдік алды, халықаралық және республикалық олимпиада жеңімпаздары 30% грант алса, ал ҚМЭБИ- де ұйымдастырылған олимпиада жеңімпаздары 100%, 50% және 30% гранттар алған. Сонымен қатар ҚМЭБИ О. А. Жәутіков атындағы республикалық арнаулы физика-математика орта мектеп-интернатының түлектеріне арнап оқу ақысын төлеуден 100% босату түрінде грант берді. Колледж бітірушілер мен басқа университеттерден ауысып келген студенттер оқу ақысын төлеуден 50 % босату түрінде грант алды. Сондай-ақ біршама студенттер 100% түріндегі ҚМЭБИ Президентінің және оқу ақысын төлеуден 50% босату түріндегі ҚМЭБИ Деканы грантының иегерлері атанды.

«Алтын белгi» гранты мен халықаралық және республикалық олимпиада жеңімпаздары грантынан басқа көптеген гранттар конкурстық негізде бөлінген. Гранттарды бөлу критерийлері жоғары академиялық жетістіктер немесе студенттің отбасының қиын материалдық жағдайына негізделген. Грант ала алмаған, бірақ оқу ақысын төлеуде қиындыққа душар болған студенттерге де ҚМЭБИ 10 %-дан 85%-ға дейінгі мөлшерде қаржылық қолдау көрсетіп отыр.

Бұдан басқа, көп балалы отбасының, зейнеткерлердің балалары, сонымен қатар ҚМЭБИ-де бір немесе одан да көп баласы оқитын отбасылардың балалары да 25% мөлшерінде қаржылық қолдау алған. Жетім балалалар ҚМЭБИ-де тегін оқиды. Қаржылық қолдау көрсету туралы шешім студенттің тапсырған оқу ақысын төлеу қиындығын не болмаса отбасы мәртебесінің ерекшелігін (мәселен, ата-анасы зейнеткер) растайтын құжаттарға негізделген.

Бұдан басқа, Орталық Азиядағы жетекші жоғары оқу орны ретіндегі ҚМЭБИ Орталық Азия елдерінің (Қырғызстан, Түрікменстан, Тәжікстан, Өзбекстан) 100 студентіне арнап 100% грант берді.

Ал магистратура студенттеріне арналған гранттар 2011-2012 оқу жылы ҚМЭБИ бүкіл оқу кезеңіне оқытушы ассистенті немесе зерттеу жұмыстары бойынша ассистент ретінде жұмыс берумен «Оқы және жұмыс істе» 100%-дық алпыс грант бөлді. 100%-дық он грант MA in TESOL бағдарламасында бүкіл оқу кезеңінде оқытушылық қызметпен айналысушы студенттерге берілді. Сонымен қатар қырық грант әлеуметтік ғылымдар факультеті бағдарламалары үшін бүкіл оқу кезеңінде оқу ақысын төлеуден 50%-дық босату түрінде қиын материалдық жағдайды есепке ала отырып бөлінді. Және 10 грант MA in TESOL бағдарламасы үшін бүкіл оқу кезеңінде оқу ақысын төлеуден 90%-дық босату түрінде қиын материалдық жағдайды есепке ала отырып берілген. Бұдан басқа, үздік оқитын студенттерге оқу ақысын төлеуден 50%-дық босату түрінде ҚМЭБИ Президентінің гранты берілді. Магистратура студенттеріне арналған барлық гранттар конкурстық негізде бөлінді. ҚМЭБИ-де бір мезетте оқып жатқан бір отбасының студент балаларына 25% қаржылық қолдау берілді. Грант ала алмаған, бірақ оқу ақысын төлеуде қиындыққа кез болған магистратура студенттеріне де ҚМЭБИ 10 %-дан 30%-ға дейінгі мөлшерде қаржылық қолдау көрсетті.

Студенттерді қаржылық қолдау - ҚМЭБИ-дің бұлжымас жұмыс принциптерінің бірі болып табылады.