2011-2015 жылдар аралығында ЖІӨ-нің жыл сайынғы өсімі 7 пайызды құрайды - Қ. Келімбетов

АСТАНА. 10 мамыр. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - 2011-2015 жылдар аралығында ЖІӨ-нің жыл сайынғы өсімі 7 пайызды құрайды.
None
None

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Экономикалық даму және сауда министрі Қайрат Келімбетов мәлім етті.

«2011 жылы ЖІӨ-нің шынайы өсімі 7 пайызды, 2012 жылы 6,9 пайызды, 2013 жылы 6,5 пайызды, 2014 жылы 7,1 пайызды, 2015 жылы 7,4 пайызды құрайды. Орташа есеппен алғанда 2011-2015 жылдар аралығында ЖІӨ жылына 7 пайызға өсім береді»,-деді министр.

Оның атап өтуінше, экономикалық өсім бойынша мақсатты көрсеткіштер 2011-2015 жылдар аралығында бұған дейін бекітілген болжамды параметрлерге қарағанда 2-3 тармаққа жоғары болады.

«Қосымша өсім шикізаттық емес сектордың орташа алғанда шамамен 7 пайыздан астам қарқынды дамуымен қамтамасыз етіледі»,-деді Қ. Келімбетов.

Соңғы жаңалықтар