2011 жылдың 1 қарашасында Қазақстан халқының саны 16 млн. 638 мың адам болды

АСТАНА. 14 желтоқсан. ҚазАқпарат /Гүлмира Алякпарова/ - 2011 жылдың 1 қарашасында Қазақстан халқының саны 16 млн. 638 мың адамды құрады. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов айтты.

2011 жылдың 1 қарашасында Қазақстан халқының саны 16 млн. 638 мың адам болды

16 млн. 638 мың адамның 9 млн.88 мыңы (54,6 пайызы) - қалада, 7 млн. 549 мыңы (45,4 пайызы) - ауылда тұрады. Жыл басынан бері халық саны 196 мыңға немесе 1,2 пайызға өсті. Ел тұрғындарының артуы табиғи өсімнің (192,8 мың адам) және шет елдерден көшіп келген қандастарымыздың есебінен (3 348 адам) болды.

«Өткен 10 айда бақилық болғандар саны 121 мың адамды құрады. Бұл өткен жылдың қаңтар-қазанымен салыстырғанда 0,4 пайызға төмен. Бұл - оң динамика», - деп атап өтті Ә.Смайылов.

Сондай-ақ Агенттік төрағасы мәлім еткендей, жыл басынан бері 132,7 мың жұп некелерін заңдастырды, бұл 7,9 пайызға көп. Некелесушілермен бірге ажырасушылардың саны да артты (6,8 пайызға) - 37,5 мың факті.