2011 жылдың 10 айында ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 22,8 пайызға өсті - Экономикалық даму және сауда министрі

ТАНА. 15 қараша. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - 2011 жылдың 10 айында ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің өндіріс көлемі 22,8 пайызға өсті.
None
None

Бұған өсімдік щаруашылығының 46 пайызға жоғарылауы әсер етті. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында биылғы он айдың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы бойынша баяндама жасаған Экономикалық даму және сауда министрі Қайрат Келімбетов мәлім етті.

Айта кетейік, биылғы жылы еліміз жоғары астық шығымдылығымен ерекшеленді. Жалпы бункерлік салмақты 30 миллион тоннаға жуық астық бастырылды.

Сонымен қатар, Қ.Келімбетовтың сөзіне қарағанда биылдың он айында құрылыс қарқынының өсімі 2,8 пайызды құрады. Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың осы кезеңінде бұл көрсеткіш 0,1 пайызды құраған еді.

Соңғы жаңалықтар