2011 жылдың 8 айында аңшылық инспекторлары 28 браконьерлік фактісін анықтады - ҚР АШМ
АСТАНА. 31 тамыз. ҚазАқпарат /Мұратбек Мақұлбеков/ - Үстіміздегі жылдың басынан бастап Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық министрлігі 28 браконьерлік фактісін анықтады, деп хабарлады ҚР АШМ баспасөз қызметі.
Қазақстанда аң аулау маусымы үстіміздегі жылдың 1 қыркүйекте ашылып, 31 желтоқсанға дейін созылады (жануарлар мен құстардың түрлеріне байланысты). 1 қыркүйектен бастап марал, аю, Сібір таутекесін, Сібір елігін, қабан, шіл және басқаларды аулауға рұқсат етіледі.
Аң аулау бекітілген аңшылық алқаптарында ғана жүргізіледі. Қазіргі кезде республикада 680-нен астам аңшылық шаруашылығы бар.
Аң аулау үшін:
1) тиісті жылға мемлекеттік баж төленгені туралы белгі қойылған аңшы куәлігі;
2) аң аулауға берілген рұқсат;
3) аңшылық шаруашылығы субъектісінің жолдамасы;
4) аңшылық атыс қаруын алып жүру құқығына ішкі істер органдары берген рұқсат болуы қажет.
Жануарлар дүниесін қорғауға, өсімін молайту және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының Заңдары белгілеген жауапкершілік, әкімшілік, (қылмыстық) жүктейді.
Аң аулау ережесін, сондай-ақ жануарлар дүниесін пайдаланудың басқа түрлерін жүзеге асыру ережесін бұзған, қылмыстық жазалау әрекетінің белгісі жоқ дәрежеде бұзған тұлғалар үшін қылмыстық жауапкершілік Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 288 бабымен қарастырылған. Басқа жағдайларда «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 298 бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.
Соңғы 8 ай ішінде рейдтік шаралар барысында республика территориясында 28 браконьерлік факті анықталды. Анықталған 4 факті бойынша ғана мемлекетке келтірілген залал шамамен 25855600 теңгені құраған. Қазіргі уақытта ҚР Ауыл шаруашылық министрлігінің облыстық орман және аңшылық шаруашылығының территориялық инспекцияларымен қызметтік тексеріс жүргізілуде. Материалдар құқық қорғау органдарына берілді. Көбінде құқық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, қылмыстық іс қозғалды.