13:15, 26 Сәуір 2011 | GMT +5
2011 жылдың І тоқсанындағы әлеуметтік-экономикалық қорытындылар қуантады - ҚР Премьер-Министрі
АНА. 26 сәуір. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - 2011 жылдың І тоқсанындағы әлеуметтік-экономикалық қорытындылар қуантады, деп жазды Twitter-дегі парақшасына ҚР Үкіметінің басшысы Кәрім Мәсімов.
Премьпр-Министр мұндай тоқтамға Премьер бүгін Үкімет отырысында Экономикалық даму және сауда министрінің есебін тыңдағаннан кейін келген.
«Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында отандық экономиканың жағымды даму үрдісі сақталды, оған сыртқы конъюктураның тұрақтануы, экономиканың жандануы мен ішкі сұраныстың кеңеюі сондай-ақ, экономикадағы іскерлік белсенділікті мемлекеттік қолдау мен дағдарыстан кейінгі даму базасын құру ықпал етті», - деп мәлімдеді Экономикалық даму және сауда министрі Қайрат Келімбетов.
Алдын ала жасалған бағам бойынша, 2011 жылдың 1-тоқсанында ІЖӨ-нің өсуі 6,5 пайыз болды.