2011 жылдың қаңтар, ақпан айларындағы 3 және 4 сыныпты астық фьючерсінің бағасы өсті - Қор биржасының күндізгі сессиясы

Күндізгі сессияның қорытындысы бойынша ЕСЖ-нің жедел сатылым нарығында 32 жеткізілім келісім-шарты жасалынып, айналым 48 945 000 теңгені құрады. Қыркүйек айындағы 3 сыныпты фьючерс қазіргі бағамнан 100 теңгеге қымбаттап, тоннасына 23 620 теңгені құрады. Қазан айындағы астық бағасы 50 теңгеге төмендеп, 23 820 теге болса, қараша айындағы бағам 110 теңгеге көтерілді. Тоннасына 24 220 теңге. Желтоқсандық фьючерстің бағасы 110 теңгеге өсіп, тоннасына 24 470 теңге болды. 3 сыныпты астық үшін 2011 жылдың қаңтар айындағы фьючерс бағасы 230 теңгеге өсіп, 24 270 теңге, ақпан айындағы баға 370 теңгеге өсіп, 24 970 теңге болды. 4-ші сыныпты астық үшін де 2011 жылдың қаңтар, ақпан айындағы бағамы жоғары болып отыр. Күндізгі сессия барысында 4 сыныпты астық үшін қаңтар айындағы фьючерс бағасы 50 теңгеге өсіп, 23 270 теңгені, ақпан айындағы 50 теңгеге қымбаттап, 23 250 теңге болды. Ал биылғы қыркүйекте орындалатын 4-ші сыныпты астық фьючерсі 21 770 теңге, қазан айындағы баға 50 теңгеге қымбаттап, тоннасына 22 380 теңгені құрады. Қараша мен желтоқсан айындағы астық бағамы 50 теңгеге өсіп, тиісінше 22 640, 22980 теңгені құрады. Естеріңізге сала кетейік «ЕСЖ» тауар биржасы құрылған уақыттан бері 94,4 миллиард теңгенің келісімшарттары жүзеге асырылды.