2011 жылдың қаңтарынан елімізде бір жолғы талондарды алып тастау негізінде арнайы салық режимі өзгереді

АСТАНА. Қаңтардың 19-ы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - 2011 жылғы қаңтардың 1-інен бастап елімізде бір жолғы талондарды алып тастау негізінде арнайы салық режимі өзгертіледі.

2011 жылдың қаңтарынан елімізде бір жолғы талондарды алып тастау негізінде арнайы салық режимі өзгереді

Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының таныстырылымы барысында Индустрия және сауда вице-министрі Тимур Жақсылықов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Үкімет басшысы Кеден одағын құруды ескере отырып және елімізде енгізілетін салық режимінің өзгерістеріне орай бір жолғы талондарды алып тастау туралы мәселе қойып, сол үшін арнайы тапсырмалар жүктеген болатын. Бүгінгі күні осы бағытта жүйелі шаралар қабылданып жатыр. Дегенмен, бір жолғы талондарды алып тастау салық органдарының салықтық әкімшілендіру мәселелері бойынша базарларда сауда жасайтын бірқатар салық төлеушілерге қатысты проблемаларын туындатуы мүмкін. Бұның өзі бюджет кірістерін төмендетуі де ғажап емес. Сондықтан да, заң жобасына Салық комитетінің ұсынысы бойынша сауда нысандарын басқарушының міндеттері туралы баптар енгізіледі», деді вице-министр. Оның айтуынша, бұл норма сауданы көлеңкеден шығару мақсатына тікелей әсер ететін болады.