2011 жылдың қарашасында республикада 27 627 жеңіл автокөлік тіркелді
АСТАНА. 18 қаңтар. ҚазАқпарат - 2011 жылдың желтоқсанында еліміздегі автокөліктердің саны 3,5 миллионды құрады.
«2011 жылдың қарашасында республикада 27 627 жеңіл автокөлік тіркелді. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 49,1 пайызға төмен. Жалпы өткен жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша жеңіл автокөліктердің саны 3 503,0 мыңды құрады»,-делінген ҚР Статистика агенттігінің ресми сайтында.
Аталған агенттіктің кестесіне қарағанда, 26 305 автокөлікті жеке тұлғалар, ал 1 322 көлікті заңды тұлғалар тіркеген көрінеді.