2011 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен ҚХР ШҰАӨ арасында тауар айналымы 10 млрд. доллардан асты

БЕЙЖІҢ. 10 наурыз. ҚазАқпарат -   2011 жылдың қорытындысы бойынша ШҰАӨ мен Орта Азия мемлекеттері арасында тауар айналымының жалпы көлемі 16,984 млрд. долларды құрады, деп хабарлады Қытайдың Кеден қызметі.

2011 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен ҚХР ШҰАӨ арасында тауар айналымы 10 млрд. доллардан асты

Қытайдың статистикалық мәліметіне қарағанда, ШҰАӨ мен Орта Азия мемлекеттері рарасында экспорттың көлемі 12,493 млрд. долларды, импорт 4,491 млрд. долларды құрады. 2011 жылы Шыңжанның Орта Азияның 5 мемлекеті арасында (Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстан және Өзбекстан) жасалған тауар айналымы 75 пайызды құрады.  

Осылайша, ШҰАӨ мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы 3,806 млрд. доллар (экспорт - 85 млн. доллар, импорт - 3, 721 млрд. доллар) болды, келесідей тауар айналым Тәжікстанмен 1,722 млрд. доллар (экспорт - 38 млн. доллар, импорт - 1,684 млрд. доллар),  Өзбекстанмен 741 млн. доллар (экспорт - 424 млн. доллар, импорт - 317 млн. доллар), Түркменстанмен 118 млн. доллар (экспорт - 12 млн. доллар, импорт - 106 млн. доллар) көрсекішті құрады.