2011 жылдың соңында бабалбақшалардағы орын тапшылығы мәселесі 80-90 пайызға дейін шешіледі - қала әкімі И.Тасмағамбетов

sp;АСТАНА. Қарашаның 27-сі.  ҚазАқпарат - Балабақшалардағы орын тапшылығы мәселесін шешу үшін төрт бағыттағы бағдарлама әзірленді. Бұл туралы Астана әкімі Иманғали Тасмағамбетов Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің қатысуымен қарашаның 26-сында елорда балабақшаларында өткен көшпелі кеңесте мәлім етті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қала басшысының айтуынша, қазіргі кезде елорда балабақшаларында 28 мыңға жуық орын жетіспейді, соның ішінде 20 мың бөбектің жедел орналасуы қажет көрінеді. Атап айтарлығы, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Астана әкімдігі балаларға орын жетіспеушілігі мәселесін оң шешуде. Мәселен, балабақша табалдырығын аттауға зар болып отырған бөбектер үшін төрт бағыттағы бағдарлама жасалған. «Біріншіден, елорданың көшірілуіне байланысты мемлекеттік органдарға берілген ғимараттар қайтарылып алынады. Олардың саны - 14. Премьер-Министрдің тапсырмасына сәйкес, олар тиісті жөндеу жұмыстары жүргізілген соң, әкімдікке қайтарылады. Яғни, бұдан 4 мыңға жуық баланы балабақшамен қамтамасыз ете аламыз», - деді И. Тасмғамбетов.

Екінші бағыт - әкімдік құрылысын аяқтайтын тұрғын үйлердің бірінші қабатынан балабақша ашу мәселесін қолға алады. Бұл мақсатқа елордадағы 15 тұрғын үйден 16,3 мың шаршы метрді пайдалану жоспарланып отыр. Мәселен, ағымдағы жылдың желтоқсан айында «Оқжетпес», «Еуропалық» және «Тәуелсіздік» тұрғын үй кешендеріндегі бос орындар уақытша балабақшалар топтарына беріледі. Үшінші және төртінші бағыттар - мемлекеттің және жеке адамдардың қаражатына жаңа балабақшалар тұрғызу. «Келесі жылы біз кішкентай тұрғындарымызды балабақшалармен қамту үшін 11 мың орынды пайдалануға береміз. 2011 жылы тағы да 20 балабақшаны салып бітіруді жоспарлап отырмыз. Осылайша, 2011 жылдың соңында бөбекжайлардағы орын тапшылығы мәселесі 80-90 пайызға дейін шешіледі», - деп мәлімдеді елорда басшысы.

Естеріңізге сала кетейік, қарашаның 13-інде тікелей эфирде қазақстандықтармен сұхбаттасқан Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев балабақшалар мәселесінің білім беру жүйесіндегі басым бағыттардың бірі екенін атап айтқан еді. «Дүниежүзілік банктің соңғы зерттеулеріне сәйкес, әр адам өзінің өміріндегі 80 пайыз ақпаратты - туғаннан бастап 6 жасқа дейінгі кезеңде игереді екен. Сондықтан бұл кезеңде балабақшалар мен білім беруді дамыту біз үшін өте маңызды», - деп сөзін түйіндеді көшпелі кеңесте Премьер-Министр К. Мәсімов.

Соңғы жаңалықтар