2011 жылдың желтоқсан айында еліміздегі инфляция деңгейі 0,3 пайызды құрады

АСТАНА. 4 қаңтар. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/  - 2011 жылдың желтоқсан айында еліміздегі инфляция деңгейі 0,3 пайызды құрады.

2011 жылдың желтоқсан айында еліміздегі инфляция деңгейі 0,3 пайызды құрады

Бұл туралы ҚР Статистика агенттігінен мәлімдеді.

Агенттік мәліметтеріне қарағанда баға азық-түлік тауарларына 2011 жылдың елтоқсан айында 0,3 пайыз, азық-түлік емес тауарларына - 0,4 пайыз, ақылы қызметтерге - 0,2 пайызға өсті.

Есепті кезеңде бағаның жоғарылауы жұмыртқаға 3,2 пайыз, етке, жаңа жиналған жемістер мен көкөністерге - 1 пайыздан, балық және теңіз өнімдеріне - 0,9 пайыз, сүт өнімдеріне - 0,7 пайыз, тоқаш және ұннан дайындалатын кондитерлік өнімдерге - 0,6 пайыз, алкогольсіз сусындарға - 0,5 пайызға тіркелді. Бағаның төмендеуі қантқа 5,6 пайыз, жармаларға - 3,2 пайыз, ұнға - 2,1 пайыз, картопқа - 1,9 пайыз, өсімдік майына - 1,4 пайыз, күрішке - 1,2 пайызға белгіленді.

Бұдан бөлек, баға дизель отынына 0,8 пайыз, қатты отынға - 1,7 пайыз, мотор майына - 2 пайызға өсті. Баға өсімі жеке күтімге арналған тауарларға 0,6 пайызды, үй тұрмысына қажетті заттарына - 0,5 пайызды, киім және аяқ киімге - 0,4 пайыз, фармацевтикалық өнімдерге - 0,2 пайызды құрады.

Ал демалыс, ойын-сауық және мәдениет саласындағы қызметтері 0,3 пайыз, денсаулық сақтау - 0,4 пайыз, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындары - 0,6 пайыз, мейрамханалар мен қонақ үйлер - 0,7 пайыз, көму - 1,2 пайызға қымбаттаған.