2011 жылғы 1 маусымнан бастап Атырау-Астана бағытында пойыз күнара жүретін болады

АСТАНА. 3 наурыз. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - 2011 жылғы 1 маусымнан бастап Атырау-Астана бағытында тіке пойыз күнара жүретін болады.

2011 жылғы 1 маусымнан бастап Атырау-Астана бағытында пойыз күнара жүретін болады

Бұл туралы ҚР Көлік және коммуникация министрі Әбілғазы Құсайынов республикалық ақпараттық-насихат тобы жұмысының аясында Атырау облысының еңбек ұжымдары және тұрғындармен кездесуі барысында мәлім етті.

Жүздесу барысында министр, теміржол көлігі саласында батыс өңірінде салынып жатқан «Өзен - Түркіменстанмен мемлекеттік шекара» атты жаңа теміржол желісіне тоқталып өтті. Оның айтуынша, нысанның пайдалануға берілуі халыққа көліктік қызмет көрсету жағдайын жақсартып, Парсы шығанағы елдеріне шығу мүмкіндігін ашумен бірге жаңа жұмыс орындарының пайда болуын қамтамасыз ететін болады. Бұл, әсіресе, транзиттік тасымалдарға тікелей қатысы бар Атырау облысы үшін өте маңызды.

«Бұдан бөлек, Атырау өңірі тұрғындарының сұрауы бойынша, 2011 жылғы 1 маусымнан бастап Атырау-Астана бағытында тіке пойыз күнара жүретін болады. Пойыз 10 вагон құрамынан тұрса, бір бағытта 400-ден астам жолаушыны тасымалдайды. Сонымен қатар, 2010-2014 жылдарға арналған Қазақстанның көліктік инфрақұрылымын дамыту бағдарламасына сәйкес, Атырау қаласының әуежайында жолаушы және жүк терминалдарын салу жоспарланған. 2013-2014 жылдары жүзеге асырылатын жобаның құны шамамен 9,0 млрд. теңге», делінген баспасөз айғағында.