2011 жылғы қысқы Азия ойындары өтетін нысандарды электр энергиясымен қамтамасыз ету мәселесі жыл соңында толық шешіледі
АЛМАТЫ. 2 қараша. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматы қаласы мен Алматы обылысындағы 2011 жылы VII қысқы Азия ойындары өтетін спорт нысандарын электр энергиясымен қамтамасыз ету мәселесі жыл соңында дейін толық шешіледі. Бұл бүгін Алматыда өтіп жатқан Энергетиктер форумында сөз болды.
"Үдемелі индустриялық-инновациялық даму жөніндегі бағдарлама бойынша жүзеге асырылып жатқан кейбір жобалардағы іс-шаралардың кестеден кешеуілдеуі ұйымдастыру жұмыстарынан орын алып отыр. Дегенмен 2011 жылғы VII қысқы Азия ойындары өтетін Алматы мен Алматы облсындағы Ерменсай, Медеу, Шымбұлақ және ҚазҰУ трансформаторлық кіші станцияларының құрылысы жыл соңына дейін толық дайын болады. Қазірдің өзінде олардың кейбірінде құрылыс жұмыстары аяқталды", - дейді ҚР Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Дүйсенбай Тұрғанов.
Оның айтуынша, жыл соңына қарай сондай-ақ, Атырау ЖЭО кеңейту жобасы да аяқталмақ. Ол индустрияландыру бағдарламасындағы ағымдағы жылы жүзеге асырылатын 144 жобаның бірі саналады.