2011 жылы 5 мың ауыл тұрғыны кәсіпкерлік негіздерін оқып-үйренді

АСТАНА. 12 наурыз. ҚазАқпарат - «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының «Ауылдағы кәсіпкерлікті дамытуды қолдау» бағыты бойынша былтыр 4 690 адам кәсіпкерлік негіздерін оқып-үйренді, деп хабарлады

2011 жылы 5 мың ауыл тұрғыны кәсіпкерлік негіздерін оқып-үйренді

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ҚР Премьер-министрінің pm.kz сайты. 

«Ауылдағы кәсіпкерлікті дамытуды қолдау» бағытының аясында 4690 адам кәсіпкерлік негіздерін оқып-үйренді»,- делінген ведомство хабарламасында. 

Оған қоса, Бағдарламаға қатысушыларға шағын несие беруге 2011 жылы 3 569 млн. теңге бөлініп, ол қаржының барлығы микроқаржылық ұйымдарға жеткізілді.  

«2011 жылы Бағдарламаның 1435 қатысушысы несие алды және олар алған шағын несиелердің орташа сомасы 1,8 млн. теңгені құрады»,- делінген министрлік ақпаратында.  

Шағын несиелер  кәсіпкерлікті дамытудың басым бағыттарында өз істерін ашуды жоспарлап отырған немесе өз шаруаларын жүргізіп жатқан  қатысушыларға берілді.