2011 жылы 65 мыңнан астам қазақстандық ақысыз заңгерлік көмек алу құқығын пайдаланды

АСТАНА. 26 қаңтар. ҚазАқпарат  - 2011 жылы 65 мыңнан астам азамат өздерінің ақысыз заңгерлік көмек алу құқығын пайдаланды (2010 жылы 62 мыңнан астам азамат).

2011 жылы 65 мыңнан астам қазақстандық ақысыз заңгерлік көмек алу құқығын пайдаланды

Бұл туралы ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Қорғаушылар сотта бұл көмекті республикалық бюджет қаражаты есебінен көрсетті.

Қорғаушылар мемлекет есебінен заңгерлік көмек көрсету барысында азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша барлық шараларды қабылдайды.

Мысалы, өз борышын адал атқарғаны және біліктілік танытқаны үшін Ақмола облысы адвокаттар алқасының қорғаушысы Н.Е.Исламғалиеваның, Л.А.Пантелееваның, С.Е.Жүсіпованың, М.С.Қодашеваның, М.К.Шүкенованың, А.Н.Шамиғанның, Ж.К.Құсайынованың, В.Н.Веряскинаның, А.Б.Бекенованың, Т.К.Шәймерденованың, Е.И.Пантелееваның, Т.Р.Шайдуллинаның қызметтері Ақмола облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған соттың жеке ұйғарымымен атап өтілді.