2011 жылы АҚШ үшін Қырғызстаннның «Манас» әуежайында әскери базасын ұстаудың қажеті болмауы мүмкін

АСТАНА. Маусымның 3-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - 2011 жылы АҚШ үшін Қырғызстаннның «Манас» әуежайында әскери базасын ұстап тұрудың қажеті болмауы мүмкін. Бұл туралы бүгін Астанада баспасөз мәслихатында Қырғызстанның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Жаныш Рүстенбеков айтты,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қырғызстанның Уақытша үкіметі АҚШ-тың Бішкектегі әскери базасын ұстап тұру мерзімін 2011 жылға дейін ұзартатынын айтты. Менің ойымша, біз референдум өткізіп, құқықтық алаңға қайта оралғасын, яғни Президентті, Үкіметті және Парламентті заңды жолмен сайлағаннан кейін бұл мәселенің келешектегі тағдыры шешілетін болады. Себебі, жаңа Конституция бойынша сыртқы саясатты Парламент анықтайтын болады. Сондықтан да бұл мәселі енді олар (Парламент) талқылуы қажет», деді Елші.

Осы орайда Ж. Рүстенбеков ол уақытқа дейін жағдай өгеретінін атап өтті. «Американдықтар 2011 жылы Ауғанстаннан кетуге құлық танытып отыр. Сондықтан да олар үшін соншама күшті Бішкекте ұстап тұрудың қажеті де болмай қалатын шығар», деді ол. «Біздің Уақытша Үкімет Бішкектегі әскери базаны ұстап тұру мерзімін 2011 жылға дейін ұзарту жөнінде шешім қабылдады. Уақыты келгенде көрерміз. Бізде бәрі тез өзгереді ғой», деді қырғыз елшісі.

Соңғы жаңалықтар