2011 жылы Алматыда 4-5 электр стансысы күрделі жөндеуден өтеді

АЛМАТЫ. 24 желтоқсан. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - 2010 жылдың қорытындысына сәйкес энергокешен бойынша Алматының жалпы бюджеті 80 миллиард теңге шамасында болды.

2011 жылы Алматыда 4-5 электр стансысы күрделі жөндеуден өтеді

Бұл туралы жаңа элетр стансыларымен таныстыру барысында қаланың энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының бастығы Серік Құсайынов мәлім етті.

Оның айтуынша, 40 миллиард теңгеге жуық қаржы электр жүйелері мен стансыларға бағытталған. «Біз электр энергиясымен Азияда ойындары нысандарын толықтай қамтамасыз еттік. Алдағы уақытта ескірген электр стансылары мен электр айырушы жүйелерді қайта жаңғыртуды жалғастырамыз. Жұмыстар басталды, егер Үкіметтен қосымша қаржы бөлінсе, желілерді жөндеу жалғасады»,- деді С.Құсайынов.

Оның сөзіне қарағанда, 2011 жылы 4-5 электр стансысы жөнделмек.

Биылғы жылы 4 жаңа электр стансысы - ПС-220/110/10кВт «Ерменсай», ПС-110/10-10кВт «КазГУ», ПС-110/10-10кВт «Медеу» ПС-110/10-10кВт «Шымбұлақ» пайдалануға берілген болатын. Бұл заманауи құралдармен жабдықталған, жоғары сенімділік пен қауіпсіздікке ие трансформаторларда тұңғыш рет 110кВт кабельдік желісі пайдаланылған.